Қазақстандағы мерекелер.
Дана халқымыз “көпшіліктен береке кетпес,берекелі жерден мереке кетпес” деп кеткендей,ұлан байтақ қазақ жерінде қонақжай қазақ халқымен атап өтілетін мерекелер көп-ақ.Жалпы қазақ еліндегі мерекелер мемлекеттік және кәсіби мейрамдар деп бөлінеді десек те болады.
Мемлекеттік мерекелерге:Жаңа жыл,Халықаралық әйелдер күні,әз Наурыз,Қазақстан халқының бірлігі күні,Жеңіс күні,Тәуелсіздік күні,Астана күнін және т.б жатқызамыз.Қаңтардың 1-2-сі атап өтілетін Жаңа жыл – мемлекеттік мейрам.Бұл мереке – әлемдегі ғажайыпқа толы мерекелердің бірі.Оны бесіктегі баладан еңкейген қартқа дейін асыға күтеді.8 наурыз – Тарихта әйелдердің теңқұқықтық пен эмансипация жолындағы күресіндегі ынтымақтастық күні ретінде пайда болды.Күні бүгінге дейін бұл күні нәзік жандыларға айрықша құрмет көрсетіледі.Наурыздың 22-сі – қазақ халқында көне заманнан бері тойланып келе жатқан Ұлыстың Ұлы күні,Наурыз мейрамы. «Наурыз» сөзі парсының «ноу» - жаңа, «руз» - күн деген сөздерінен қалыптасып,жылдың бірінші күнін білдірген.Бұл мерекеде барлық өкпелер ұмытылып,оның орнына бар адамның жүзінде күлкі ойнап,қазанда наурызкөже мен бауырсақ пісіріледі.1 мамыр – Қазақстан Халқының Бірлігі күні.Қазақ жеріндегі 130-дан астам ұлт өкілдері тұратындықтан,бұл мереке де дәстүрлі мерекеге айналып кетті.Ал 9 мамыр күні елімізде Жеңіс күні атап өтіледі.1941-45 жылдар аралығында біздің болашағымыз үшін құрбан болған миллиондаған адамдарды еске түсіру үшін, әрбір қазақстандық бұл мерекені Отанға деген сүйіспеншілігінің нышаны ретінде атап өтеді.16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.Әрине,бұл күн де қазақ еліның тарихынан ойып тұрып орын алады.Сан мың ғасырлық тарихымызда қан мен тер төгіп алған бұл мереке – қазақ халқы үшін ерекше.
Ал кәсіби мерекелерге:Отан қорғаушы күні, Мемлекеттік рәміздер күні,саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні, медицина қызметкері күні, полиция күні және т.б. жатады.
Сочинение-рассуждение. прочитайте текст. есть у меня внучка. однажды она говорит: — у веры в субботу день рождения. она
Л.н. толстой. как боролся русский богатырь как сказал иван о своей силе? найдите ответ в тексте. запишите.
Кто такой мильтиад и какова его роль в победе над персами?
Какие примеры н. м. карамзин использует для разъяснения пользы новой системы престолонаследия? согласны ли вы с позицией
Дополните схему. она поможет вам лучше усвоить содержание §1.: 1 что изучает география 2 с помощью чего 3 зачем изучают
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.