profile
Опубликовано 5 лет назад по предмету Қазақ тiлi от lender1999

диалог на казахском языке на тему ас үйі

  1. Ответ
    Ответ дан DiNoKdInOk
    Мадина сабақтан келді де, бірден ас үйге жүгірді.
    -Сәлем.Мама мен сабақтан келдім.
    -Тіпті жақсы болды,маған ас үйді реттеуге көмектесші.Жалғыз өзім үлгермей жатырмын.
    -Жарайды.
    -Бірақ сен қазір үстіңдегі киіміңді шешпесең,былғап аласың.
    -Жоқ.Бар болғаны ыдыс-аяқ жуу ғой.Былғамаймын.
    -Ия,бірақ сен қазір көп жұмыс істейсің,соған орай ақылымды ал , Мадина!
    -Көп жұмыс? Бірақ сен аз-маз жұмыс демеп пе едің. Мен қашан сабақ оқимын сонда?Жоқ.Бұлай болмайды, ас үйіңді өзің жинайсың,-деп қашып кетеді.
    Содан кейін анасының қалай тырмысып,Мадина үшін жан салып,жұмыс істеп жүргенін көріп,қайтып келіп кешірім сұрайды.
    Сонда анасы:
    -Қайтіп кірер есігіңді қатты жаппа,-деп қызының істеген қылығына кешірім береді.