Әсем үн Біздің сыныпта Раушан есімді қыз оқиды. Ол өте таза, тиянақты, сабаққа ынталы оқушы. Үнемі өзін - өзі күтіп, әдемі болып жүреді. Барлық қыздар соған ұқсағысы келеді. Барлығына мейірімді, тілалғыш. Достарының алдында беделді еді. Мектепте «Екі жұлдыз» ән байқауы өткізілді. Раушан сынып жетекшімізбен бірігіп, айтулы сайысқа қатысты. Керемет, жанды дауыспен ән шырқады. Әр байқау сайын адал еңбекпен, қарсыластарының алды болды. Талантты қыз сайыста жеңді. Сыныбымызды абыройлы атаққа көтерді. Әнші қыз атанды. Біз талантты, әсем үні бар, бұлбұлдай сайраған Раушан есімді қызбен мақтанамыз. 2-тапсырма. (Сапалық сын есімдерді бір бөлек, қатыстық сын есімдерді бір бөлек, екі бағанға бөліп жазыңдар). 3-тапсырма. (Мәтіндегі ой желісіне назар аударыңдар. Салтанаттың бойындағы қасиеттерді білдіретін сөздерді теріп жазыңдар).
Самые новые вопросы
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.