profile
Опубликовано 4 года назад по предмету Қазақ тiлi от DanaBazarbaeva

Заманы бірдің амалы бір Ойтолғау

  1. Ответ
    Ответ дан aruzhan3827

    Ответ:

    Мәңгілік Ел боламыз десек, бізге рухани толысқан мықты қоғам құру керек. Ал бұл ретте идеологияның бір тармағы мақал-мәтелдердің орны  ерекше. МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР  адам баласына терең ой салады. Әсіресе, тәрбие мәселесінде мақал-мәтелдер арқылы асыл сөз, даналық ойлар үлгі-өнеге ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырған. Еңбек ету, білім алу, жақсы азамат болып өсу, әсіресе, ЖЕКЕ ТҰЛҒА болып қалыптасу үшін, тәрбиенің де жақсы болуы керектігі мақал-мәтелдерде толық қамтылады. Және халқымыз бұған айрықша мән беретін. Бала тәрбиесіндегі басты мәселенің бірі – сыйлы азамат болып өсу, еңбек ете білуді, елдің мүддесін бағалауды үйрету десек, мақал-мәтелдерде бұл назардан тыс қалмаған. Сонымен, Қазақ сөздің қадірін білетін халық. Бірақ «дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» дегенді айтқан да өзіміз.