profile
Опубликовано 4 года назад по предмету Қазақ тiлi от Алiнa

Помогите пожалуйста написать небольшое эссе на тему"казахская национальная шапка" 5 6 предложение.Прошу упомянуть там из чего сделано,кто носит и когда.

  1. Ответ
    Ответ дан laurasysdykova
    БөрікҚазақтың ертеден қалыптасқан ұлттық бас киімі , оны бағалыаң терісінен және жас төлдің- етірісінен тігеді . Оның жаздық және қыстық түрлері болады. Терінің түріне қарай бөрік әр алуан аталады. Құндыз бөрік, сусар бөрік, кәмшат бөрік, жанат бөрік, түлкі бөрік, елтірі бөрік, т. б. деп аталады. Оны ерлер де, қыздар да киеді . Бөріктің төбесі көбінесе алты сай (қиық) , төрт сай болып келеді . Оны тіккенде алдымен өлшеп алып, жұқа киізден төрт не алты сай етіп пішеді . Әр сайдың төбеде түйісетін ұштары бұрыш тәрізді , етек жақтары тік төрт бұрыш болады. Осы қиьіндылардың бір бетіне шүберектей астар, екі арасына жұқа матадан бидай шүберек салып, жиі етіп сыриды. Одан соң жеке-жеке сайларды біріне-бірін ебістіріп ішінен де, сыртынан да жермен тігеді . Оның сыртын асыл матамен (барқыт, пүліш, қамқа , т. б.) тыстайды. Бөріктің іші сай болса, оның тысы да сонша сай болады. Бұдан кейін бөріктің төбесінің етегін жай матамен астарлан тігеді де төменгі жағын төрт елідей терімен (қылшығын сыртына қаратып) көмкереді . Бұрын қыздар киетін төбесіне үкі , жібек шашақ тағын, зер жіппен, жібек жіппен кестелеген, меруерт,маржан тізбелер, алтын,күміс түйме қадаған. Кейде бөріктің етегін жауып тұратындай етіп айналдыра зер не жібек шаш ақтар ұстаған. Бөріктіқазақ халқы сияқты қарақалпақ, қырғыз, башқұрт, татар, ұйғыр т. б. халық тарда киеді .