profile
Опубликовано 4 года назад по предмету Қазақ тiлi от Жанкош

Омоним және көп мағыналы сөздер бар мақал мәтелдер керек. Көмектесіңіздерші?!))

  1. Ответ
    Ответ дан damettie

    Омонимі бар мақал-мәтелдер:

    1) "Айтулы достың малы бір, 

    кемедегінің жаны бір".

    Бұл жерде омоним сөз – жан: 1) адамның , жан-жануарлардың (кейде өсімдіктердің де) бойындағы тіршілік қуаты туралы түсінік; 2) бір нәрсенің шеті:үстелдің жаны т.б.

    2) "Алыстағы досыңа 

    ат берсең де жарасар —

    үйіне мініп барсын деп. 

    Жақындағы досыңа

    хат берсең де жарасар — 

    ұмытса есіне алсын деп".

    Бұл жерде омоним сөз – ат: 1) адамның есімі; 2) жылқының бір атауы; 2) іс-қимыл:қоянды ат т.б.

    3) "Ат жақсысын мақта,

    Адам жақсысын жақта"

    Бұл жерде омоним сөз – мақта: 1) талшықты дақыл; 2) затты не адамды мадақтау.

    Көп мағыналы сөз бар мақал-мәтелдер:

    1) "Атадан бала тумас па,ата жолын қумас па".

    Бұл жерде көп мағыналы сөз – ата: 1) үлкен әке, әкенің әкесі; 2) ата жолы - ескіден қалған жөн – жоба, әдет – ғұрып; 3) ата жұрт - ежелгі мекен; 4) ата кәсіп – атадан келе жатқан шаруашылық.

    2) "Талабы жоқ жас -

    Қанаты жоқ құс".

    Бұл жерде көп мағыналы сөз – қанат: 1) құстардың ұшып, қонатын дене мүшесі; 2) алты қанат ақ орданы тігуге кірісті.

    3) "Бітер істің басына,

    Жақсы келер қасыңа".

    Бұл жерде көп мағыналы сөз – бас: 1) адамның, айуанның, жәндіктің дене мүшесі; 2) шөптің, ағаштың ең жоғарғы жағы; 3) таудың ең үсті, төбесі; 4) өзеннің, бұлақтың басталған жері; 5) таяқтың ұшы; 6) балтаның, шоттың ұшы бар жағы; 7) бір нәрсенің айналасы.